«Бүгінгі таңда Алматы облысы бойынша 38 мектеп үшауысымда білім беріп жатыр. Негізі Алматы облысында бала туу көрсеткіші жылдан жылға өсуде. Жыл сайын 50 мыңға жуық бала дүниеге келеді. Сондай-ақ, өңірдің миграциялық ахуалы да өсіп келеді», - деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов орталық коммуникациялар орталығында.
Осылайша Алматы облысының әкімі үшауысымды мектептердің санының өсуін демографиялық ахуалмен тікелей байланыстырды.