деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара кезінде топтың басшысы мен оның 6 белсенді мүшесі тұтқындалды. Бұл топ есірткі саудасынан түскен пайданы заңдастыруды жолға қойып, сол қаражатты кәсіпкерлікке салып отырған және мүлік, жер учаскелері және қымбат автокөліктер сатып алу арқылы жария етіп отырған.
Оларға тиесілі 3 жеке үй, 2 пәтер, 14 көлік, 100 гектар жер телімі және бір шаруа қожалығы есірткі саудасынан түскен ақшаға алынғандығы іс жүзінде бекітілген.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті фискалды органдармен бірлесіп, есірткі қаржысын заңдастыру жолдарын саралап, сол заңсыз мүлікті тәркілеу тәжірибесін жинақтап келген болатын. Қылмыс жолымен табылған қаражатқа сатып алынған мүлік екендігін дәлелдеу үшін қыруар құжаттық, заңдық жұмыстар өткізілді. Бұрынғы Кеңес Одағының мемлекеттері ішінде Қазақстан бірінші болып, есірткі қаражатына алынған мүліктерді анықтап, тәркілеу жұмысын жолға қойып келеді», деді Г.Диденко.