Алматы облысында үздік 25 журналист марапатталды
Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған байқауға биыл 100 ден аса түрлі БАҚ өкілдері қатысқан. 25 маман І орын иегері атанды. Олар 100 мың теңгенің ақшалай сыйақысына ие болды. Үздіктер қатарында «Хабар» телеарнасының журналисі Тілеуқабыл Мыңжасар, «Айқын» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Болат Абаған, жергілікті «Жетісу» телеарнасының тілшісі Гүлжанат Мақұлжанова сынды жандар бар.
Жетісу жерінде Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында журналистерді марапаттап, құрмет көрсету дәстүрге айналған. Басты мақсат - Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өркендеуін насихаттауда тер төгіп жүрген тілшілер қауымын ынталандыру. Сондай-ақ мемлекеттік саясат, қоғамдағы тұрақтылық, ұлттық құндылықтар, мәдениет пен спорт салаларын қалың жұртқа дәріптеп, елді жағымды жаңалықтармен сусындатып жүрген журналистердің мәртебесін арттыру.