Олар көмекке мұқтаж жандарға жәрдем көрсетумен айналысып, дезинфекциялық жұмыстарға атсалысуда, сол сияқты қауырт желі байланыс телефонында жұмыс істейді.
Осындай жұмыстарды белсене атқарып жүрген «Жетісу еріктілері» ұйымының мүшесі, облыстық «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің үйлестірушісі Жансая Смағұловаға облыс әкімі Амандық Баталов Президенттің Алғыс хатын тапсырды.
Жалпы, бүгінгі күні облыста 2033 волонтер жас тіркелген. Өңір еріктілерінің атсалысуымен 50 мың медициналық маска тігіліп, таратылды.
Әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көп балалы отбасылар мен жалғызбасты аналарға, жалпы 10 мың отбасына әлеуметтік көмек көрсетіліп, азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Сол сияқты волонтерлар жалғызбасты қариялардың үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізеді.