Алматы облысында ысты газға уланып 1 және 2 жастағы екі сәби мен бір жасөспірім қаза болды

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Алматы облысында жекеменшік үйде пештің ақауы салдарынан 2 сәби мен бір жасөспірім көмірқышқыл газына уланып, мерт болды,

деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Оқиға кеше, наурыздың 15-і күні Іле ауданына қарасты Бірінші мамыр кентіндегі тұрғын үйлердің бірінде болды. Иіс тиген 2008-ші және 2009 жылы дүниеге келген екі сәби мен 1994 жылы туған қыз үйлерінде көз жұмды, 26-дағы тағы бір әйел ауруханаға жеткізілді.