Қарасай шекара отрядына қарасты «Саты» заставасының шекарашылары Қазақстан Республикасы аумағында марал атуға шыққан екі Қырғыз елінің азаматын қолға түсірді.
«Ұсталған азаматтардан «Тигр» маркалы иір ойықты аңшы мылтығы 26 оқ-дәрісімен, «ТОЗ» ұңғылы мылтығы 13 оғымен, бәкі, ара және дүрбі тәркіленді. Сондай-ақ олардан 3-4 күнге арналған азық-түлік, аңшылыққа арналған заттар, киімдер, арқан және қаптар табылды. Ұсталған азматтар өздерінің аң аулауға емес, мал іздеуге шыққанын, ал Қазақстан аумағында жүргенін адасып кеткендігімен түсіндірді. Ал қару-жарақ пен оқ-дәрі ит-құстан қорғануға алып шықтық деп ақталған. Болған жағдай бойынша Қырғыз еліне тиісті ақпарат жіберілді. Сондай-ақ Райымбек ауданының құқық қорғау органдары да ескертілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.