Алматы облысында зейнетке шығатын 447 мұғалімнің орнына мамандар іздестірілуде

None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында 447 мұғалім зейнетке шығады. Қазір өңірде кадр мəселесін шешу мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Лəззат Базарқұлованың айтуынша, еліміздегі ЖОО-лармен келіссөздер жүргізілуде. 

"ШҚО, Алматы жəне  Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі Еуразия ұлттық университетімен бірқатар жұмыстар атқарып жатырмыз. Жас кадрларды Жетісу жеріне шақырудамыз. Егер мамандар келетін болса, баспана сынды өзекті мəселелерді мүмкіндігінше шешіп береміз. Өңір басшысы барынша қолдау білдіретінін жеткізді. Ал қазір 447 маман жұмыстарын істеп жатыр. Олар оқу жылы аяқталғанда зейнетке шығады. Бізге кадрлар аудандарға, нақтырақ айтқанда ауылды жерлерге керек" - деді Л. Базарқұлова.

Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 36 840 мұғалім шəкірт тəрбиелеп, еңбек етуде.