Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
Видео авторы оқиға 16 қарашада Талғар ауданы Ақдала ауылында болғанын хабарлады.
Алматы облыстық полиция департаментінен атап өткендей, 16 қараша кешкісін Талғар аудандық полициясының кезекші бөліміне 63 жастағы жергілікті тұрғын шағым түсірген. Зейнеткер құрылыс материалдарын ұрлап жатқанда ұстап алған белгісіз адамға шара қолдануды талап еткен.
«Оқиға орнына жеткен патрульдік қызмет қызметкерлері 46 жастағы ер адамды ұстап, аудандық полицияға жеткізді және тергеді. Факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. ҚР ҚК 187-бабы бойынша тергеу басталды», - деді өңірлік ПД баспасөз қызметінен.
Еламан Тұрысбеков