Тергеу барысында көз жұмған жігіттің қыстақта малшы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол 26 жастағы Іле ауданының тұрғыны екен.
Бірнеше сағаттың ішінде күдікті де анықталып, қолға түсті. Қазір Балқаш ауданының 57 жастағы жергілікті тұрғыны адам өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр.
«Күдікті қашпаған. Ол түсініктемесінде жігітті қасақана өлтірмегенін айтқан. Сөзінше, танысымен ішімдік ішіп отырып, жанжалдасып қалған. Оқиға кісі өлімімен аяқталған», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99-бабы бойынша іс қозғалды. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда. 57 жастағы ер адам қамауға алынды.