Алматы облысында жаңа тағайындау

ТАЛДЫҚОРҒАН. 25 маусым. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсахановтың өкімімен Махаббат Бигелдиев Панфилов ауданының әкімі қызметіне тағайындалды.

Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев 1961 жылдың 22 наурызында Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарақастек ауылында дүниеге келді.

1978 жылы В. И. Ленин атындағы Куртинорта мектебін бітірді.

Өзінің еңбек жолын 1978-1981 жылдары Куртин АІІБ-де жұмысшы болып бастап, Т. Бокин атындағы совхозда құрылысшы болып жұмыс жасады. 1981-1986 жылдары инженер-құрылысшы мамандығы бойынша Алматы архитектуралық-құрылыс институтында білім алды.

2001 жылдан бастап Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің әкімі болды. 2002 жылдан бастап Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2005-2007 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, кейін Қарасай ауданы әкімінің орынбасары болды. 2009 жылдың мамыр айынан бастап облыстық архитектуралық-құрылыс бақылау басқарамасының басшысы, сол жылдың қыркүйек айынан Жамбыл ауданының әкімі қызметін атқарды. 2011 жылы Талдықорған қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Осы лауазымға тағайындалмас бұрын Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.