ҚР Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 тармағына сәйкес, қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейін жеткізілмеген. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодекстің 100 бабы, яғни жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі бойынша қылмыстық іс Іле аудандық сотына жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, сәби әжетханадан 4 шілдеде табылды. Дәретхананы бұзып, қыз баланы нәжіс арасынан тұрғындар құтқарып қалған болатын. Шақалақтың анасы да көп ұзамай қолға түсті. Ол Қарасай ауданының тұрғыны Алтынай Ақжолтаева екені анықталды.