Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатының видеосы жарияланды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы облысында болған жантүршігерлік көлік апатының видеосы жарияланды. Бейнежазбада апатқа ұшыраған көлік жол жиегіндегі темірдің ортасына кіріп кеткенін анық көруге болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мынау Шамалған мен Шалқардың ортасы. Мына мазда шамамен сағатына 200 км жылдамдықпен жүрген. Жүргізуші тірі екен. Екі адам қайтыс болған», - деп мәлімдейді бейнежазбаның авторы.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахмет оқиғаның Алматы облысында болғанын растады.

«Оқиға 27 маусымда болған. Бір адам қайтыс болды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот медициналық сараптамалар тағайындалды», деді К. Нұрахмет.