Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы санау барысында әр қорапта 1800-2000 дана бетперде бар екені белгілі болды. Болжам бойынша тауарды тиеп, одан әрі жөнелтуге дайындаған.
«Беркут-162» патрульдік экипажы аулаларды жүріп өту барысында қолдан жасалған қойманы байқаған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Еш жерде жұмыс істемейтін 1960 жылы туған азамат ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- Талдықорған ҚПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.
Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында күдіктінің медициналық бетперделердің қайдан шыққаны, кімге тиесілі екені және қайда тасымалдау жоспарланғаны анықталатын болады.