Тұрғынның мұндай әрекетке не себепті барғаны белгісіз. Әзірге белгілісі, ол бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 13:30-да белгісіз біреу Талғар аудандық ІІБ-ге қоңырау шалып, "Қызыл Қайрат" ауылындағы балабақшалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығын айтқан. Ауылда орналасқан 3 балабақшадағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақ толықтай қоршауға алынған. Оқиға орнында құзырлы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар аталған жағдайға түсіністікпен қарап, халықтан дүрлікпеуді сұрайды.