Алматы облысында жасанды суатта шомылу кезінде 11 жасар бала батып кетті

АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында жасанды суатта шомылу кезінде 11 жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 20 тамыз күні Алматы облысының Береке ауылының маңында жасанды суатта шомылған 11 жасар бала батып кетті. Оның денесін жағаға куәгерлер алып шықты.

Сол күні Қызылордадағы Шіркейлі арнасында 22 жастағы жас жігіт батып кетті. Оның мүрдесі жағаға ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД судан құтқару қызметіндегі 5 адам мен 1 техникасының көмегімен шығарылды.

Қостанай облысындағы Тобыл өзенінде 20 тамызда 34 жастағы ер адам суға батып кетті. Оның денесі судан ҚР ТЖМ Қостанай облыстық ТЖД су-құтқару қызметіндегі 3 адам мен 1 техника бірлігінің күшімен шығарылды.

Атырауда Жайық өзенінде 18 тамызда «Бейбарыс» көпірінің қасында суға батып кеткен 25 жастағы жігіттің мүрдесі табылды. Оған ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметіндегі 2 адам мен 1 техника бірлігінің күштері жұмылдырылды.