Аталған фактіні облыстық ІІД баспасөз қызметі растады.
«Жәбірленуші 2003 жылы туған. Іле ауданында болған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр»,- деп мәлімдеді аталған ведомстводан.
Сондай-ақ, осы іске қатысты күдікті ретінде ұсталған азамат та жасөспірім екені белгілі болды.
«Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іспен Іле ауданның полицейлері айналысуда», делінген хабарламада.