Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Оқиға 24 наурыз күні болды.
Бізге мәлім ақпарат бойынша, жеңіл көлікті жүргізген адам ішімдік ішпеген.
Ол көлікті жүргізіп келе жатқанда мотоцикл шыққан, оған соғылмас үшін өзгенің ауласына басып кіріп, осындай жағдай болған.
Зардап шеккен ешкім жоқ. Көлік жүргізуші жеңіл жарақат алған.
Және ол үйдің қоршауына келген шығынды өзі өтейтін болды.
«Үстінен құзырлы органға шағым түспеді», - деді Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің өкілі Динара Төлемісова.
Естеріңізге сала кетейік, 2 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданындағы дәл осы Қорам ауылында мас жүргізуші сабақтан қайтып келе жатқан 4 оқушы қызды көлігімен қағып кеткен болатын.
Оның үшеуі ауруханаға жатқызылды. Балалар 8-9 жаста.
14 наурыз күні бір оқушы ауруханада есін жимастан көз жұмды.