«Бүгін біздің партиямыз үшін тарихи сәт, себебі, 17 жылдың ішінде «Нұр Отан» өзін нағыз халықтық партия екенін көрсете білді. Елдің келешегі, ұлттың болашағы жолында дұрыс таңдау жасап, «Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» ұранын ұстана отырып, «Нұр Отан» партиясының бағдарламасына қолдау танытып, сенім білдіргендеріңізге алғыс білдіремін!
Бұл - Қазақстан халқының шынайы қалауы, барша қазақстандықтардың ерекше сеніміне ие болған Елбасының саясатын қолдауы. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясына жетекшілік етуі - партия жеңісінің бірден-бір себебі деп түсінеміз. Бүгінгі саяси жеңіс - үлкен міндеттер жүктейді. Халықтың сенімінен шығу, оны ақтау - зор абырой», - деді Б. Өнербаев.
Мұнан соң ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі Дина Нұрғалиева, Талдықорған молитехникалық колледжінің оқытушысы Сағи Асанханов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Наталья Белик және «Нұр Отан» партиясының басқа да белсенді мүшелері сөз сөйлеп, Елбасы саясатына қолдау білдіретіндіктерін, өз болашақтарын «Нұр Отанмен» байланыстыратынын айтты.
Форумның соңында жиналған қауым «Алатау әуендері» - «Құлансаз» ансамлінің концертін тамашалады.
Жалпы, Алматы облысында барлығы 990 021 сайлаушының 94,06 %-і қатысты. Оның ішінде «Нұр Отан» партиясына дауыс бергендер 84,7%-ті құраған.