Алматы облысында жер сілкінді: Шұғыл штаб құрылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ 18 тамызда алматы уақытымен 05 саағат 07 минут 46 секундта жер сілкінісін тіркеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағыАлматыдан солтүстік-шығысқа қарай 245 шақырым жерде орналасқан.

Жерсілкінісіні энергетикалық санаты – 12.8.

MPV магнитудасы -5.4.

Тереңдігі - 5 км.

Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте-4.5 балл, Талдықорған қаласында -2-3 балл, Саты кентінде 2-3 балл.

Бұданкейін 06 сағат 38 минут 51 секундта тағы жер сілкінісі тіркелген.

Жер сілкінісініңошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан.

Жерсілкінісіні энергетикалық санаты – 10.6.

MPV магнитудасы - 4.6.

Тереңдігі– 10 - км.

Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

ҚРІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтыңхабарлауына қарағанда, саған 7: 00-дегі жағдай бойынша зардап шеккендер менқирандылар туралы ақпарат түспеген.

Алматыоблысы ТЖД және Жаркентте шұғыл штабқұрылған, «қызу желі» ашылды 8 (7282) 22-31-58, 22-15-91.

Соңғы жаңалықтар