Полицейлерге 4 сынып оқушысының жоғалғандығы жөнінде ата-анасы хабарлаған.
«Қараой ауылдық округіне қарасты «Дружба» саяжайынан 11 жастағы баланың жоғалғандығы жөнінде кеше кешкісін ақпарат келіп түсті. Ювеналды полиция, учаскелік инспекция, жол-патрульдік полиция қызметкерлері барлығы ауқымды түрде іздеу жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде бала Чапаев ауылынан табылды. Ол өзінің танысының үйінде болған», - деп мәлім етті облыстық ІІД Баспасөз қызметі.
Ведомстваның мәліметінше, бала дін аман. Ата-анасы оны ауылына алып кетті.