Жоғалған бала Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Із-түзсіз кеткен қыздың бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі арықтау келген. Шашы, көзі қара түсті. Үйден шығып кеткенде қыздың үстінде жасыл түсті күртеше, қоңыр трико болған. Және аяғындағы бәтенкесі қара, ал өкшесі ақ түсті. Егер де кімде-кім суреттегі қызды көрген болса, не болмаса сол жайында қандай да бір ақпарат білсе, полицейлер жедел түрде 102 нөміріне хабарласуларын сұрайды. Сонымен қатар, Қарасай ауданының ІІБ кезекшілік бөлімшесіндегі мына нөмірге 8-7272-298-34-22, 8-72771-2-14-35 қоңырау шалуға болады.