16 сәуірде із-түзсіз кеткен Әйгерім Усипбекованы тәртіп сақшылары Алматы қаласынан тапты. 14 жастағы оқушы бүгінгі күнге дейін құрбысының үйінде жасырынып жатқан.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Көбейхан Нұрахметовтың айтуынша, жасөспірімді қазір тәртіп сақшылары Алматыдан алып келе жатыр.
«Оқушы ата-анасының қолына табысталады. Алдағы уақытта мұндай жайттарға жол бермеу мақсатында оқушымен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі», - деді К.Нұрахметов.
Айта кету керек, Алматыда Алматы облысының 14 жастағы тұрғыны Малика Орақбаева жоғалып, оны іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.