деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Жол апаты бейсенбі, ақпанның 11-і күні сағат 21.00 шамасында Ұйғыр ауданынан шығатын «Шонжы-Ақсу» автожолының 4-ші шақырымында «Фольксваген» және «ВАЗ» автокөліктерінің қатысуымен болды. Оның салдарынан екінші көліктің 38 жастағы жолаушысы сол орында жантәсілім етті, екі жүргізуші мен «ВАЗ» машинасының тағы екі жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Осы күні кешқұрым, Ақтау қаласының көшелерінің бірінде «Ауди» және «Ниссан» көліктерінің соқтығысуынан алғашқы машинаның 39 жастағы жүргізушісі мерт болды.