Алматы облысында жол апатынан 3 адам жарақат алып, 5 адам мерт болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, 4 адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облыстық Полиция департаменті өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаменті таратқанақпаратқа қарағанда, Алматы облысында бүгін, 13 тамыз күні сағат 08-00-дершамасында 29 жастағы әйел адам басқарып келе жатқан Мазда-626 маркілі жеңілкөлік «Алматы-Бішкек» трассасының 84-ші километрінде «Shacman» маркілі жүккөлігімен соқтығысқан.

Осының салдарынан жеңілкөліктің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы жол апатынан алған жарақаттарыныңсалдарынан оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ түрлі дене жарақаттарын алған 3адам Жамбыл ауданының ауруханасына жеткізілді.

«Жол апатының мән-жайы арнайытергеу жұмыстарынан соң анықталады, ол үшін арнайы сараптамалар да тағайындалды»,-деп хабарламады ведомствоөкілдері.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол ережелерін қатаң қадағалауғашақырып отыр. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғалары мен онымен байланысты түрліқайғылы жағдайлардың алдын алуға ықпал етеді. Өйткені қазір көлік апаттарыныңбасты себептерінің бірі жылдамдықты шектен тыс асыру мен қарсы жолаққа шығыпкету жағдайлары болып отыр.

Соңғы жаңалықтар