Алматы облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Оқиға «Алматы-Өскемен» және «Қарғалы-Мыңбаев» тасжолдарындаболған.
«Жол-көлік оқиғасының бірі «Алматы-Өскемен»республикалық тасжолының Көксу ауданындағы Балпық би ауылының маңында болған. Ол жерде БМВ-525 автокөлігі аударылды. Соның салдарынанжүргізуші мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі жолаушы менбір бала ауруханаға жатқызылды. Жол апатының себебі тергеу барысындаанықталады. Қажетті сараптамалар тағайындалған»,-деп мәлімдеді Алматы облысы ПДбаспасөз қызметі.
Осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы бүгін түнде Жамбылауданының Қарғалы ауылының маңында болды. Ол жерде «Сан-Йонг» және «Ауди-100» автокөліктерісоқтығысқан. Жантүршігерлік көлік апатынан 3 адам көз жұмды. Тағы алты адамтүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген, оның екеуі бала.
«Осы факті бойынша қажетті сараптамалартағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жұмыстарын облыстықполиция департаментінің анықтаушыларына жүргізу тапсырылды»,-деп толықтырдыбаспасөз қызметі.
Полиция қабылдаған шараларға қарамастан соңғы айдаөңірдің автожолдарында 100-ге жуық көлік апаты тіркелген. Онда 40-тан астамадам қаза тауып, 140-тан астам азамат жарақат алды. Жол апаттарының негізгісебептері бұрынғысынша жылдамдық режимін сақтамау, қарама-қарсы жолға шығу,сондай-ақ жаяу жүргіншілердің жол жүру ережелерін сақтамауы дейді.