Алматы облысында жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні кешкі сағат сегіз шамасында Алматы-Өскемен тас жолы бойындағы Айнабұлақ ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы орын алды.

Облыстық ІІД-ден хабарлағандай, Көксу ауданының тұрғыны өзінің Мерседес көлігімен Алматы қаласына келе жатып, жол бойында кешкі намазын өтеп жатқан Панфилов ауданы Жаркент қаласы мешітінің 27 жастағы имамын қағып кеткен.

Алған жарақаты салдарынан дін қызметкері оқиға орнында көз жұмды.