Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, оқиға кеше Алматы-Бішкек автожолының 107-ші шақырымында орын алған. Шымкенттен Алматыға келе жатқан 53 жолаушысы бар «Vanhool» автобусы жол жиегіне шығып кетіп, аударылған. Апат салдарынан 4 жолаушы оқиға орнында мерт болған. Қалған жолаушылар Жол полициясы басқармасының жедел тобы келгенше өз беттерімен Алматы қаласына жеткен.