Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның жеке басын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.
«13-қазан күні сағат 16:45 шамасында 59 жастағы Алматы қаласының тұрғыны жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші алған жарақаты салдарынан оқиға орнында мерт болды»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Оқиға Гүлдала ауылына кіре беріс жерде болған.
«Аталған факті ҚР ҚК 345 бабв 3 бөлігі бойынша тіркелді. Жүргізуші қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
14:32, 14 Қазан 2021
Алматы облысында жүк көлігі қағып, мерт болған ер адамның кім екені белгісіз
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ер адамды жүк көлігі қағып, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.