31 мамыр күні кешқұрым ЗИЛ-130 көлігі Чапаев ауылының маңында орналасқан №3 тоғаннан шығарылды. Оның ішінде 53 жастағы ер адамның денесі болған.
Іле ауданындағы кәсіпорындардың біріне тиесілі көлік 28 мамыр күні Боралдай ауылынан шығып, ізім-ғайым жоғалып кетті. Кәсіпорын жұмысшылары бұл оқиғаға байланысты тәртіп сақшыларына арызданған. Алдын ала болжам бойынша, көлік тізгінінде отырған жүргізушінің көзі ілініп, ол жолдан тоғанға аударылған.