«Оқиға 24 қаңтарда Кербұлақ ауданында облыстық маңызы бар Сарыөзек-Шанханай автожолында болған. Ауа-райының қолайсыздығынан Шанханай ауылынан Кербұлақ ауданының орталық ауруханасындағы перзентханаға жүкті әйелді апара жатқан жедел жәрдем қарда тұрып қалған», - деп хабарлады облыстық ТЖД.
Сонымен бірге, жолдың осы бөлігінен 28 адам және 18 автокөлік эвакуацияланды, тағы 17 адамның көлігі жол бойында қалды.
Құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы, 3 әскери қызметші және ҚР Қорғаныс министрлігінің № 40265 әскери бөлімінің 1 техникасы жұмылдырылды.