Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
«Алматы облысындағы Қаскелең перзентханасының дәрігерлері терезеден секірмек болған жүкті әйелді құтқарып қалды»,- деп жазды желі қолданушы.
Алматы облыстық полиция департаменті аталған оқиғаны растады.
«Алматы облысының полиция департаменті оқиғаның 24 қазанда Қаскелең қаласының перзентханасында болғанын хабарлайды. Қарасай ауданының 41 жастағы тұрғынының 3-қабаттың терезесінен секіруге тырысқан»,- деп жауап берді ведомствадан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы негізінде қылмыстық іс тіркелді және оның шеңберінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады.