Алматы облысында жұмыртқа бағасын негізсіз өсірген екі құс фабрикасы тексеріледі
19:00, 13 Желтоқсан 2022
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті өңірдегі екі құс фабрикасында тексеру жүргізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Департамент қаңтар-қазан айларында Алматы облысы бойынша 1 санатты тауық жұмыртқасын бастапқы сату нарығын талдаған.
Оның қорытындысы бойынша «Алсад Қазақстан» ЖШС және «Сары-Бұлақ» ЖШС іс-әрекетінде Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасы, атап айтқанда бәсекеге қарсы келісілген іс-қимылдар бөлігінде баға белгілеу және қолдау талаптарын бұзу белгілері анықталды.
Осыған байланысты мекеме серіктестіктердің атына хабарлама жіберді.
Алайда олар хабарламаны орындамаған, осыған байланысты департамент жоғарыда аталған компанияларға қатысты тергеу бастады.