Алматы облысында жұмысшы екінші қабаттан құлап мерт болды - ҚР ТЖМ

None
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысында екінші қабаттан құлаған жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Сейсенбі, 6 наурыз күні Алматы облысындағы Первомайский кентінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде «Даму» логистикалық орталығының 26 жасар жұмысшысы екінші қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында көз жұмды.