Алматы облысында жыл басынан бері 180-нен астам жемқорлық әрекеттері анықталған

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысында 180-нен астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық қауіпіне 17 сыртқы талдау жүргізді. Оның 15-ін Агенттік 15-і бастамашыл талдаулар - 2.

Барлығы 189 салада сыбайлас жемқорлық қауіпі анықталды.

Бөлім сыртқы талдаудың арқасында ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтай алды. 189 құқық бұзушылықтың 21-ін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеден саласы арқылы жасаған. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлықтың 19 қатері анықталды, ал жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларда - 17.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын-алудың тиімді шараларының бірі - сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу. Сыртқы талдау сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға болатын механизмдер мен әдістерді анықтайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мамандарды, сарапшыларды және басқа да субъектілерді, оның ішінде қоғамды тартуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасауға тартуға құқылы», - деді Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жандос Жұмабаев.

Сонымен қатар, сыртқы талдау нәтижелері «Жетісу-Адалдық алаңы» платформасы арқылы көпшіліктің талқылауына жіберіліп, нәтижелері әрі қарай әлеуметтік желілерде жарияланды.

Айта кету керек, бүгінде біздің мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жазалау емес, алдын-алу шараларына басымдылық беріп отыр.