Көлікте жасырылған есірткі арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен табылды.
«5 келі 360 грамм гашиш көліктегі орындықтың астына жасырылған. «Мерседес-Спринтер» көлігінің жүргізушісі ұсталып, Жамбыл аудандық ІІБ-де қамауға алынды. Қазір күдікті есірткіні қай жерге жеткізбек болғаны анықталып жатыр», - деп мәлімдеді ІІД баспасөз қызметі.
Қазір осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 296 бабының 4 тармағына орай соталды тергеу басталды. Ал ұсталған күдікті Талғар ауданының тұрғыны екені анықталды.
Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері Алматы облысында 4 тоннадан аса есірткі тәркіленген. Оның 1 келісі героин болса, 15 келіден астамы гашиш.