Алматы облысында жылқы малынан сальмонеллез ауруы анықталды

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Ақсу ауданындағы шаруа қожалықтарының біріндегі жылқы малдарынан сальмонеллез ауруы анықталды.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасынан хабарлағандай, бұл диагноз зертханалық зерттеулерде расталған.

Энзоотикалық аурудан 4 жылқы өліп, 17 бие түсік тастаған, 22 құлын инфекциялық ауруды жұқтырды деген күдікпен негізгі табыннан бөлінген. Мал дәрігерлері оларды тәулік бойы бақылауға алды.

«Өткен жылы дәл осы шаруашылықта аурудың алдын алу мақсатында 190 биеге вакцинация егілді. Алайда қайталап тексеру барысында сальмонеллездің тағы бірнеше жағдайы анықталған», - деп нақтылады басқарма қызметкерлері.