Алматы облысында жылқы ұрлаған шетел азаматы ұсталды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында мал ұрлады деген күдікпен шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық ісматериалдарына сенсек, күдікті – 25 жастағы Өзбекстан азаматы.

Өткен жылдыңмаусым айында Жамбыл ауданы полицейлеріне жергілікті шаруалардың бірішағымданып келді. Айтуынша, 4 жылқысы қолды болған. Полицейлер бірден таяуда ғана ештеңе түсіндірмей, шаруа қожалығындағы жұмысынан шығып кеткен малшыдан күдіктенді.

«Жедел іздестіру кезінде жылқылардыкөршілес Жамбыл облысынан таптық. Кейін анықталғандай, Өзбекстан азаматы 4жылқыны мал базарына апарып сатып, 1 млн теңге пайда көрген. Жас жігіт біржылдан астам уақыт тәртіп сақшыларынан жасырынып, әр жерге көшіп отырды. Таяудакүдікті Алматы маңындағы базарлардың бірінде қолға түсті», - деп мәлім еттіоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Күдіктініңсондай-ақ Қаншеңгел ауылындағы мотоцикл ұрлығына қатысы бар болып шықты. Мотоциклтабылып, иесіне қайтарылды.

«Азаматтыңбасқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Қамауға алынған. Одан бөлек,көші-қон заңын бұзғаны үшін де жауапқа тартылады» дейді баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар