Шара барысында облыс бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы және отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы қоғамдастықтардың бар екені, сондай-ақ, жастардың өз құқықтарын білу керектігі туралы баяндалды. Дағдарыс орталығының жұмысы және бүгінгі таңдағы әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат беріліп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жандарға психологиялық көмек беру жайлы айтылды.
Сонымен қатар, жастарға арнайы дайындалған слайд және бейнеролик көрсетіліп, парақшалар таратылды. Бірақ ұйымдастырушылар нақты өңірде қанша адамның отбасылық-зорлық зомбылық құрбаны болып жатқандығы жөнінде нақты сандарды айтпады. Себебі, бұл адамның жеке психологиясына әсер етеді деген сенімде.
Дөңгелек үстел Алматы облысы жастар ресурстық орталығымен Талдықорған қаласы полиция басқармасының Жергілікті полиция қызмет бөлімінің ұйымдастыруымен өтті. Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз 16күн» акциясы аясында қолға алынған шараның мақсаты ауқымды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, осы бағытта қабылданған жұмыстар туралы жастарды хабардар ету, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту мен құқықтық тәрбиені насихаттау болып табылады.
Іс-шараға Алматы облысы жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары, Жергілікті полиция қызмет бөлімі әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры, облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының маманы және Алматы облысы жастар ресурстық орталығының психолог маманы қатысты.