деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның ақпараты бойынша, Қарасай ауданындағы Алғабас ауылына тасқын су сәрсенбі күні сағат 11. 15 шамасында келген. Қызылсудың және ылайсудың көтерілуі салдарынан Наурыз, Жұбанов және Қалдаяқов атындағы көшелерде 15 ауланы су басып қалған. Қызылсудың бетін бұру жұмыстарына 15 адам, 2 экскаватор жұмылдырылды.