Алматы облысындағы «Айналайын» балалар үйіне теледидар сыйға тартылды
06:07, 02 Маусым 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйіне барып, онда тәрбиеленіп жатқан балғындарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Балалар - біздің болашағымыз. Сондықтан сендердің алаңсыз білім алып, үлкен азамат болып ер жетулеріңе мемлекет тарапынан барлық жағдалар жасалып отыр. Алға қойған барлық арман-мақсаттарың орындалып, еліміздің дамуына үлес қосады деп сенеміз», - деді Б.Өнербаев балаларға бағытталған құттықтау сөзінде.
Б. Өнербаев облыс әкімінің атынан балалар үйіне жаңа теледидар сыйға тартты. Балалар өз кезегінде қонақтарға арнап ән мен жырдан шашу шашты.