Алматы облысындағы дала өрті: 3 адам қаза тауып, 7 адамды күйік шалды

Фото: None
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданында дала өртін сөндіру кезінде 3 адам қаза тапты, 7 адамды түрлі дәрежеде күйік шалды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Алматы облысыПанфилов ауданы Талды ауылдық округінің аумағындағы таулы жерлерде дала өртінсөндіру кезінде 3 адам қаза тапты. Оның біреуі - Жаркент орман шаруашылығы мекемесініңқызметкері, қалған екеуі өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан жергіліктітұрғындар. Сонымен қатар, 7 адам түрлі дәрежедегі күйік алды, оның ішінде 1адам аяғын сындырды. Зардап шеккендер Лесновка ауылына тікұшақпен жеткізілді,олар одан әрі Жаркент қаласының орталық аудандық ауруханасына жатқызылады», делінген хабарламада.

Оқиға орнында Алматы облысының ТЖД мен Полициядепартаментінің жеке құрамынан 59 адам, 13-тен астам арнайы техника, сондай-ақЖаркент мемлекеттік орман мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеуде. Өрт ошағын сөндіруге өртсөндірушілер және полиция қызметкерлерімен бірге жергілікті тұрғындар,сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған ерікті өртке қарсықұрылымдар жұмылдырылды.

«Таулы жердегіөртті сөндіру қиындық туғызуына байланысты суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағытартылды. Жақын маңда су алатын айдын-көл болмағандықтан, әуе кемесі адамдардытасымалдап, қоржынды бүріккіштерді сумен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеді. Табиғиапатпен күрес аса қиын жағдайда өтті. Күрделі метеожағдайда айналаның көрінуінашар болды, өрт сөндірушілерге бірнеше есе дене күшін жұмсауға тура келді», - депатап өтілген Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.


Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша жұмыстар жалғасуда.Өрт ошақтарын оқшаулау үшін қосымша күштер мен құралдар тартылды. Оқиға орнынатағы бір «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді.

«Жағдайқатаң бақылауда. Ішкі істерминистрлігі Төтенше жағдайларды жою кезінде қаза тапқан және зардапшеккендердің отбастарына көңіл айтады», делінген ІІМ хабарламасында.