Тарихи сәтке куә болған тұрғындарды облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады.
Еңбекшіқазақ ауданын газдандыру жобасын жүзеге асыру аудан орталығы Есік қаласынан басталды. Жоба құны 4,2 млрд теңгені құрайды. АГТС қуаттылығы - сағатына 50 мың текше метр, бұл өз кезегінде 109 көп қабатты үйді, 5979 жеке үйлерді, 3880 әлеуметтік-тұрмыстық сектор нысандарын, 4 өнеркәсіп орнын көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік береді.
Есік қаласындағы абоненттердің жалпы саны - 12781 бірлік. Жуық арада Шелек қаласында АГТС іске қосылады деп жоспарланып отыр.