Алматы облысындағы мониторингтік жылды қорытындылады

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған мониторингтік топ 2017 жылды қорытындылады. Былтыр бұл ұйым мемлекеттік органдарға әр түрлі сала бойынша 900-ден астам ұсыныс жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Мониторингтік топ көмегімен алдағы уақытта өңірдің бірнеше ауданында халыққа қызмет көрсету орталықтарына дербес ғимараттар салынатын болды. Жаңа ғимараттар аудан тұрғындарының құжат рәсімдеуін жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға септігін тигізбек.

Сондай-ақ бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындық кезінде ақылы қызмет түрлерін жою мәселесін қолға алды. Себебі жоғары сынып оқушыларын ақылы дайындау ата-аналардың наразылығын тудырып отыр. Өйткені басым бөлігінің баласын сынаққа ақылы дайындауға мүмкіндігі келе бермейді. Қазіргі таңда тиісті құжаттар жинақталып, ұсыныстар облыс әкімі мен облыстық білім басқармасына жіберілді.

Жалпы мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі  жанынан құрылған мұндай топтар халықтың мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін арттырып, сыбайластық жемқорлыққа тәуекелділікті төмендететін болады.

Соңғы жаңалықтар