Алматы облысындағы ойынханада болған өртке байланысты 87 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы ойынханада болған өртке байланысты 87 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Жұма, 7 қыркүйек күні Қапшағай қаласындағы Индустриальная көшесінде орналасқан «Астория» ойынханасы ғимаратының шатыры мен төбесінің жабыны өртене бастады. Жалын тілі 300 шаршы метр жерге тарады. Оқиға орнынан 87 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 9 адамы мен 3 техника бірлігі және ҚР ҚМ әскери бөлімдерінің жеке құрамындағы 13 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.