Алматы облысындағы Пенжім ауылында 60 пәтерлі екі үй пайдалануға берілді

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылында 60 пәтерлі коммуналдық, екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Қоныстой иелерін облыс әкімінің орынбасары Айдарбек Байжанов құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздерді облыс басшылығының атынан бүгінгі қуанышты оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмаларының бірі - халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында облыста бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. 60 пәтерлі екі коммуналдық үйді пайдалануға бергелі отырмыз. Жаңа пәтерлеріңіздің іші әрқашан қуаныш пен шаттыққа толсын», - деді өз құттықтауында А. Байжанов.

Жалпы Панфилов ауданы Пенжім ауылындағы 60 пәтерлік екі коммуналдық тұрғын үй өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде салынды. Пәтерлердің жалпы алаңы - 6341,68 шаршы м., 1 бөлмелі пәтерлер саны - 28, олардың алаңы - 39,04-42,75 м2, 2 бөлмелі пәтер саны - 32, алаңы - 61,56-64,77 м2.

Сметалық құны - 885,5 млн. теңге, құрылысын «New Construction» мердігер мекемесі жүргізді. Тұрғын үйлердің құрылысы 2015 жылдың қыркүйегінде басталған болатын. Баспана инженерлік-коммуникациялық жүйелермен толық қамтамасыз етілген.

Соңғы жаңалықтар