Алматы облысындағы республикалық жолды тау бөктерінен құлаған тас көшкіні басып қалды - «Қазақавтожол» РМК
10:35, 05 Наурыз 2012
АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы республикалық жолды тау бөктерінен құлаған тас көшкіні басып қалды. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгін сағат 9:30 кезінде Алматы-Космостанса республикалық маңыздағы жолының 19 шақырымында (автожолдың таулы жердегі аралығы) мол жауын мен қардың салдарынан тау бөктерінен ығысқан тас көшкіні жолдың жүретін бөлігін басып қалды.
Аталған учаскеде уақытша көлік қозғалысы шектелді. Қазіргі кезде жолға түскен тас көшкінінің көлемі анықталуда.