Алматы облысындағы шаруа қожалықтардың бірінде ірі қараның 10 басында «аусыл» дерті расталды
09:05, 29 Ақпан 2012
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - 28 ақпан күні сағат 18.30-да Алматы облысы Жамбыл ауданының «Мұса» қыстағында орналасқан «Болашақ» шаруа қожалығында жүргізілген зертханалық тексерулердің нәтижесінде, 103 ірі қара малдың 10-ында «аусыл» дерті анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР АШМ «Республикалық эпизоотияға қарсы жасағы» РМК карантиндік іс-шаралар жүргізуде. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.