Шекаралық аймақтағы Нұркент ауылындағы екі 80 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға 1 млрд 384,5 млн. теңге қаржы бөлінген.
Сондай-ақ Жаркент қаласындағы екі 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын салуға, абаттандыруға және инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына 1 млрд 143,6 млн. теңге бөлінді.
Пәтерлер келер жылы пайдалануға берілсе аудандағы үй кезегінде тұрған отбасылардың баспана мәселесі кезегімен шешілмек.
Биылдың өзінде наурыз және маусым айларында Нұркент ауылынан 240 үйдің кілті тапсырылмақ.
«Биылғы жылы ауданда құрылыс саласына айтарлықтай қаржы бөлінді. Жаркент қаласы мен Нұркент ауылдарында тұрғын үй құрылысын абаттандыруға және инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысына сондай-ақ, жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 250 млн сомадан астам қаржы қарастырылған. Бұл өз кезегінде баспана мәселесін шешуде айтарлықтай септігін тигізеді»,- дейді Панфилов аудандық құрылыс саласының маманы Бауыржан Қашқынбаев.
Ал, жалпы аудан бойынша бүгінгі таңда 7 категорияда 4088 отбасы баспана кезегінде тұр.