Алматы облысындағы су қоймасына автокөлікпен бірге төрт адам батып кетті - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы су қоймасына автокөлікпен бірге төрт адам батып кетті.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, оқиға бүгін, түнгі сағат 1-де Райымбек ауданы, Тоғызбұлақ ауылынан 8 шақырым жерде болды. Су қоймасына құлап кеткен «ВАЗ» көлігіндегі 26 жастағы жүргізуші мен оның 35, 37 және 49 жастағы жолаушылары суға тұншығып опат болды. Олардың денелерін жергілікті тұрғындар алып шыққан.