деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазірге дейін «Жас отан» жастар қанатының бұл бастамасын қаладағы он жоғары оқу орны мен жастардың бес ұйымы, бірқатар компаниялар қолдаған. Аталған шара сенбі күні басталған. Содан бері «Галанз Боттлерс» компаниясы 1,5 мың тонна тазартылған ауыз су берсе, тұрғындар тарапынан 2 тонна азық-түлік жиналған. Бұнымен қатар «Интерфуд», «Мегацентр» дүкендері азық-түлік ұсынған. «Жиналған заттар күнде кешкісін тасқын судан зардап шеккен отандастарымызға жеткізіліп жатыр. Акция сәрсенбіге дейін жалғасады», дейді «Жас Отан» жастар қанатының «Біз Қазақстанды бірге саламыз» жобасының жетекшісі Ыбырай Дәуітов. Қазіргі кезде «Жас отанның» акциясы Алматының «Мега центр», «Сити центр», «Сити плюс», «Керемт» дүкендерінде өткізілуде. Бұндағы арнайы жәшіктерге кез-келген тұрғын мерізімі ұзақ уақытқа шыдайтын азық-түлік, киім-кешек әкеп, апаттан зардап шеккен отандастарына көмек көрсете алады.Жас Отанның акциясын басты қолдаушы «Интерфуд» компаниясы жексенбі күні апат орнына 600-ден астам киім-кешек жеткізген. Сонымен қатар Қапшағай, Талдықорған қалаларында арнайы көмек орнын ашқан. «Жастардың акциясын қолдап, сондай-ақ отандастарымызға көмектесу басты мақсатымыз. Егер көмек алдағы уақытта қажет болып жатса, сәрсенбіден ары қарай да жалғасатын болады», дейді «Интерфуд» компаниясының өкілі Нұркен Халықберген.